
Тараз қаласында арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Тараз қаласында жаңбыр және еріген қар суын тиімді бұруды қамтамасыз ететін әрі шаһар инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі саналатын арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда жұмыстар төмендегі мекенжайларда атқарылуда:
• Сүлейменов көшесі
• 2-шағынаудан
• 3-шағынаудан
• 10-шағынаудан
Жоба аясында арық желілерін кешенді жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, инженерлік құрылымдар жаңартылып, су өткізу қабілеті арттырылуда және жаңбыр мен еріген қар суын сенімді түрде бұруға жағдай жасалып жатыр.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде аумақтардың санитарлық жағдайы жақсарып, қалалық ортаның жайлылығы артады әрі су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.