Биыл Әулиеата ауданындағы 12 көшеде ауыз су құбыры ауыстырылады.

Биыл Әулиеата ауданындағы 12 көшеде ауыз су құбыры ауыстырылады.

2025 жылы ауданға қарасты «Ақжол», «Мичуринец», «Қайнар», «Родничок» алаптарында ауыз су жүйесі толығымен тартылып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда жұмыстарды мердігерден қабылдау мен тұрғындарға абоненттеу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар “Бектөбе” алабындағы 1 630 үйге ауыз су құбыры тартылып, 1 750 аула таза тіршілік нәрімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ “Қызылшарық” алабындағы 260 аулаға да ауыз су жүйесі жүргізілді.

Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, 12 көшеде ауыз су құбырын ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар Рахмати, Ақша батыр және Қажымұқан көшелерінде 4 шақырымдық ауыз су құбыры тартылып жатыр.