
Ағымдағы жылы Әулиеата ауданында 15 жоба аясында 43 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 жоба бойынша 5 көшеде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Былтыр ауданда 18 жоба арқылы 115 көше асфальтталып, 6 көшеге 6,59 шақырым тротуар салынды. Сонымен қатар «Ұлы Дала» (15) шағын ауданындағы мектептерге баратын жолдарға 6,5 шақырым жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары аяқталды.