Ағымдағы жылы Әулиеата ауданында 206 ауланы жарықтандыру жоспарда

Ағымдағы жылы Әулиеата ауданында 206 ауланы жарықтандыру жоспарда

Биыл Әулиеата ауданына қарасты 21 көше мен 206 ауланы жарықтандыру жоспарлануда. Бұл аумақтардың жалпы ұзындығы 17,2 шақырымды құрайды.

Жоба аясында Жамбыл, Гамелея, Қойбақов, Сәтпаев, Асқаров, Төле би, Көшеней, Сыпатай батыр көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылады.

Өткен жылы аудандағы 50 көше мен 228 ауланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бүгінде аудан аумағындағы 50 көше жарықтандыруды қажет етеді. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен жылдық жоспарлар арқылы шешілетін болады.