
Тараз қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті
2026 жылдың 23 мамыр күні Тараз қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қала аумағындағы басты көшелер бойында арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қала тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері және белсенді еріктілерден құралған 250-ге жуық адам қатысты. Бірлескен еңбек нәтижесінде арықтар мен көшелерден шамамен 3 текше метр қоқыс шығарылып, аумақтар тазартылды.
Мұндай экологиялық бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.