Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

2025-2026 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес:
- Кештер мен банкеттер өткізуге;
- Автокортеж ұйымдастыруға;
- Таңды қарсы алу шараларын өткізуге;
- Алау жанында іс-шара өткізуге;
- Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда бітіру кештерін ұйымдастыруға;
- Демалыс базаларында және табиғат аясында салтанатты шаралар өткізуге;
- Бітіру іс-шараларына байланысты оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден ақша жинауға;
- Сыйлықтар, жарналар және өзге де материалдық құндылықтар жинауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Сонымен қатар:
- Атестат пен диплом табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізілуге тиіс;
- Іс-шаралар білім алушылар мен ата-аналарға қаржылық шығын келтірмеуі қажет;
- «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттайтын тәрбиелік және мәдени-ағартушылық шаралар ұйымдастырылуы керек;
- Мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуге тиіс;
- Бітіру кештерін өткізу мен заңсыз ақша жинаудың алдын алу білім беру ұйымдары басшыларының тікелей міндетіне жатады.