Жас сақшылар – қауіпсіз қоғамның кепілі

Жас сақшылар – қауіпсіз қоғамның кепілі

Жамбыл жерінде алғаш рет ұйымдастырылған республикалық «Жас сақшылар» форумы ел болашағы саналатын жас буынның құқықтық сауатын арттырып, патриоттық рухын нығайтқан маңызды алаңға айналды.

Ауқымды жиынға еліміздің 19 өңірінен келген «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты. Форумға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, педагогтер мен сала мамандары арнайы жиналды.

Іс-шара барысында жас сақшылар буллингтің алдын алу, есірткіге қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бағыттарында сахналық қойылымдар ұсынып, өз ойларын креативті форматта жеткізді.

Форум жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы белсенді жастардың рөлін айқындай түсті.