
Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Жастар аллеясы аумағында, Сүлейменов – Желтоқсан көшелерінің қиылысында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде тұрғындарға жергілікті тауар өндірушілер мен шаруалардың өнімдері нарықтағы бағадан төмен ұсынылды.
Қала тұрғындары ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де азық-түліктерді қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.
Мұндай жәрмеңкелер халықты сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтып қана қоймай, жергілікті шаруаларға өз өнімін тікелей ұсынуға жол ашады.