Тазалық талаптарын бұзудың 131 дерегі анықталды

Тазалық талаптарын бұзудың 131 дерегі анықталды

Қала аумағында тазалық талаптарын сақтау бағытында тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соған қарамастан, қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарап, аулаларын күтіп ұстамайтын тұрғындар әлі де кездеседі.

1–14 мамыр аралығында өткен рейдтік іс-шаралар нәтижесінде екі аудан бойынша тазалық талаптарын бұзудың 131 дерегі тіркелді.

Атап айтқанда, Әулиеата ауданында 27 тұрғынға ескерту жасалып, 8 азаматқа айыппұл салынды. Ал Жібек жолы ауданында 75 тұрғынға ескерту беріліп, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау.