14 мамырдан бастап Таразда ыстық су қайта қосылады

14 мамырдан бастап Таразда ыстық су қайта қосылады

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Тараз қаласы аумағында жалпы жазғы кезеңде ыстық су алатын 1039 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 942-сі «Таразтрансэнерго» МКК арқылы, ал 97-не «Жамбыл-Жылу» мекемесі арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

2026 жылдың 15 сәуірі мен 14 мамыры аралығында қала аумағында жылу желілерін гидравликалық қысыммен тексеру және қазандықтарды жөндеу жоспарына сәйкес ыстық су беру уақытша тоқтатылған болатын.
Жоспарға сәйкес жүргізілген жұмыстардың аяқталуына байланысты, 2026 жылдың 14 мамырынан бастап көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен қайта беріле бастайды.

Осыған байланысты, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына, сондай-ақ ПИK (пәтер иелерінің кооперативі), МИБ (мүлік иелерінің бірлестіктері), ҚС (қарапайым серіктестік) ұйымдарына ыстық сумен қамтамасыз ету мекемесінің мамандарының ыстық суды іске қосу жұмыстарын уақтылы жүргізуі үшін жауапты тұлғаларды бекітіп, жертөлелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігін хабарлаймыз.

Алайда, қала аумағындағы М-3 магистралдық жылу желісін қайта жаңғыртудың 2-кезеңі және «Самал», «Алатау» шағын аудандарындағы ішкі кварталдық жылу желілерінің тозығы жетіп, қайта жаңғырту жобаларының жүзеге асырылуына байланысты, төменде көрсетілген мекенжайдағы 100 көппәтерлі тұрғын үйге 2026 жылдың 1 қазанына дейін уақытша ыстық су берілмейді:

«Самал» шағын ауданы, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 55, 56, 57, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 47А, 44, 47, 45, 46, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 үй;

«Алатау» шағын ауданы, 1, 1А, 2, 3, 5, 6, 7, 7А, 8, 10, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 ,36, 37 үйлері:

Құрметті аталған мекенжай тұрғындары!
Көрсетілген уақытша қолайсыздықтарға сабыр сақтап, жөндеу жұмыстарының маңыздылығына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!