
Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық-экологиялық акциясы аясында қала аумағында сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылуда. Өткен жылы іс-шараға 100 мыңға жуық адам қатысып, 6500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табуда.
2025 жылы шаһар аумағында қалдықтарды тастауға арналған 138 алаңшаға жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ал ағымдағы жылы осындай 150 алаңшаны жаңарту жоспарланып отыр.