«Батырларға тағзым – ұрпаққа өнеге» фестивалі өтті

«Батырларға тағзым – ұрпаққа өнеге» фестивалі өтті

Тараз қаласында Жеңіс күніне орай ардагерлер арасында «Батырларға тағзым – ұрпаққа өнеге» атты патриоттық әндер фестивалі өтті.

Фестивальге «Әулиеата», «Асыл жандар», Белсенді ұзақ өмір орталығының өнерпаздары және жеке орындаушылар қатысып, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Фестивальді Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.