Бейнебақылау: Заңсыз қоқыс жауапкершілік жүктейді

Бейнебақылау: Заңсыз қоқыс жауапкершілік жүктейді

Құрметті қала тұрғындары!

Қала аумағында тазалықты сақтау мақсатында тұрмыстық қалдықтар жиналатын алаңдар мен заңсыз қоқыс орындарына жылжымалы бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды.

Негізгі мақсат – қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау фактілерін анықтау және алдын алу.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырлы органдарға жолданып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырайық!

Түсіністік танытып, белгіленген талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.