Қалаға қосылған елді мекендердегі 43 көше жарықтандырылуда

Қалаға қосылған елді мекендердегі 43 көше жарықтандырылуда

Қала тұрғындарын жиі толғандыратын сауалдардың бірі - көше жарығы. Осы мақсатта 2023-2024 жылдары 164 көшеге және 2025 жылы 65 көшеге жарық шамдары орнатылды. Бұдан бөлек, 2025 жылы «Ұлы дала» шағын ауданындағы 22 көше мен 23 аула жарықтандырылды.

Ағымдағы жылы 20 көшедегі жұмыстар толық аяқталды. Сондай-ақ шаһар аумағына қосылған елді мекендердегі негізгі жолдарға, яғни мектеп, аурухана, балабақшаға баратын 43 көшеге түнгі жарық шамдарын қою жұмыстары басталды. Аталған жобаны шілде айында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар 2023-2025 жылдары шаһардағы 908 аула жарықтандырылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар да толық аяқталатын болады.