Таразда маңызды семинар өтті

Таразда маңызды семинар өтті

Таразда «Тұрақты қоғам қалыптастыру: көзқарастар мен шешімдер» тақырыбында бір күндік семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қоғамның тұрақты дамуы, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, тиімді шешімдер ұсынды.

Семинарға арнайы спикерлер: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Лола Шакимова, Орта Азия аймағында профайлинг бойынша БҰҰ халықаралық сарапшысы Акмарал Абдукеева арнайы қатысып, пікірлерімен бөлісті.

Кездесу мазмұнды өтіп, қатысушылар үшін жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.