
Қала әкімі Қолбасшы Қойгелді көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен арнайы танысты.
Бұл көшеде жүзеге асып жатқан жоба – қала инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.
Жалпы ұзындығы 3,15 шақырымды құрайтын жол учаскесі толықтай қайта жаңартылуда. Құрылыс барысында жол жабыны жаңғыртылып қана қоймай, оның сапасы мен төзімділігін арттыруға баса мән берілуде. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қозғалысқа мүмкіндік жасау.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде. Мамандар барлық технологиялық талаптарды сақтай отырып, сапалы жұмыс істеуге күш салуда. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделген.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың өткізу қабілеті едәуір артып, көлік қозғалысы әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ. Бұл өз кезегінде жол-көлік кептелістерін азайтуға оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, Қойгелді көшесін жаңғырту Жамбыл даңғылындағы көлік ағынын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Яғни, жаңартылған жол балама бағыт ретінде қызмет етіп, қаладағы жалпы көлік қозғалысын реттеуге үлес қосады.