
Экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, экономиканың нақты секторына инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта 2023-2025 жылдары 50,9 млрд. теңгеге 19 ірі жоба іске қосылып, осы жобалардың аясында 1 039 жаңа жұмыс орыны құрылды.
Ал, ағымдағы жылы жалпы құны 5,2 млрд. теңге болатын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 30 жаңа жұмыс орыны ашылды.
Жыл соңына дейін 56,0 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы арқылы 400 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.