Жалпықалалық сенбілік және тал егу

Жалпықалалық сенбілік және тал егу

Құрметті қала тұрғындары мен барлық мекеме, нысан иелері!

Осы сенбі – 25 сәуірде қалада жалпықалалық сенбілік және тал егу акциясы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қаламызды таза ұстау, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желекті көбейту. Барша тұрғындарды белсенділік танытып, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

Тазалық – ортақ жауапкершілік!