
Тараз қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр.
Бүгін ауқымды акция аясында Гамалея көшесі бойында кең көлемді тал егу жұмыстары жүргізілді.
Аталған аумаққа барлығы 215 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 123-і терек, қалғаны катальпа және айлант ағаштары.
Шараға 70-ке жуық адам белсене қатысты. Олардың қатарында қала жастары, ардагерлер және шаһар тұрғындары бар.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы арқылы алдағы уақытта да қала аумағын жасыл желекке айналдыру көзделуде.