
Жол жабылады
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Тараз қаласы Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелерінің бойындағы ТК-301-ден ТК-308-ге дейінгі М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Д. Қонаев көшесінің С. Сейфуллин көшесі мен Р. Комратов көшесі аралығындағы бөлігі 2026 жылдың 20 сәуір күні, сағат 10:00-ден бастап 2 ай мерзімге толығымен жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.
Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.