
Құрылыс жұмыстары Ғ.Байтасов көшесінен бастап А.Асқаров көшесіндегі айналма жолға дейінгі аралықты қамтиды.
Жолдың жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайды. Былтыр басталған бұл жұмыстардың аясында жаяу жүргіншілер жолы да салынып жатыр.
Қазіргі таңда 16-шағын ауданда 80-нен астам тұрғын үйдің бой көтеруі бұл аумақта көлік ағынын айтарлықтай арттырмақ. Осыған байланысты жол ені 12 метрге дейін кеңейтіліп, 4 жолақты қозғалысқа лайықталуда.
Жаңғырту жұмыстары толық аяқталған соң бұл бағыттағы қозғалыс едәуір жеңілдеп, кептеліс азаяды деп күтілуде.