Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті

Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті

Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қаланың көркі мен тазалығын сақтау, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Сенбілікке жастар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары, жалпы саны 600-ге жуық адам жұмыла қатысуда.

 Шара барысында “Қарасу-2” каналының бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар қажетті орынға шығарылып жатыр.