Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Кездесу барысында талдарды кесу, иттерге арналған арнайы жаттығу алаңы, Ынтымақ көшесіне жарық бағандарын орнату, жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу, тұрғын үй, заңсыз дүңгіршектер, автобустардың қозғалыс кестесін реттеу, сондай-ақ тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.

 Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.

Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

 Айта кетейік, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында тұрғындарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.