Жәрмеңкесі

Жәрмеңкесі

Құрметті қала тұрғындары!

4 сәуір күні Тараз қаласында Жастар аллеясы аумағында (Сүлейменов – Желтоқсан көшелерінің қиылысы) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілер өз өнімдерін тікелей ұсынып, тұрғындарға сапалы әрі балғын азық-түлікті тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Сауда сөресінде көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, құс еті, сондай-ақ басқа да күнделікті қажетті тауарлар болады.