Таразда жалпықалалық сенбілік өтті

Таразда жалпықалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 14 наурыз бен 16 мамыр аралығында шаһар аумағында санитарлық-тазалықтың екі айлығы жарияланған болатын.

Осыған орай бүгін Таразда жалпықалалық сенбілік өтті. Игі шараға жастар, еріктілер, түрлі бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан арылтты.

Бұл шара қала тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды.