Жібек жолы ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

Жібек жолы ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №3 аумақтық округ тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Жиын №26 орта мектепте ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары, сала мамандары мен жауапты бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және алдағы жоспарлар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерге ерекше назар аударылды.

Жиында жол сапасы, ауыз су, жарықтандыру, қоғамдық көлік, білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты бірқатар өзекті сұрақтар көтерілді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, нақты шешімдер қабылдауды ұсынды.

Өз кезегінде аудан әкімі барлық мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.

Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Аудан әкімі алдағы уақытта да тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жалғасатынын атап өтті.