Тазару күні – тазалық пен жаңарудың бастауы: қалада сенбілік өтті

Тазару күні – тазалық пен жаңарудың бастауы: қалада сенбілік өтті

Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің аясындағы Тазару күні.

Тазару күнінде өңірде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Әулиеата және Жібек жолы аудандарындағы игі шара барысында бұлақ көздері ашылып, тарихи орындар тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау мақсатында тал егу жұмыстары да ұйымдастырылды.

Бұл бастама – туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Таза орта, таза қала – салауатты өмірдің, жарқын болашақтың кепілі.