Қарасу-2 каналына тазалық жұмыстары жүргізілді

Қарасу-2 каналына тазалық жұмыстары жүргізілді

Тазару күніне орай Тараз қаласында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шара аясында шаһар аумағын абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру басты назарға алынды.

Оның ішінде тазалық жұмыстары «Қарасу-2» каналының «Жансая» және «Қарасу» шағын аудандарының аралығында жүргізілді.

Ұзындығы 2 шақырымға жуық канал бойы толықтай күл-қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

Сонымен қатар, канал жағалауындағы тал-дарақтар балақталып, артық бұтақтар кесілді. Бұл өз кезегінде ағаштардың дұрыс өсіп-жетілуіне мүмкіндік береді.

Тазару күніне орай атқарылған жұмыстар Тараздың көркеюіне және экологиялық ахуалдың жақсаруына өз үлесін қосты.