
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай және "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Тектұрмас" аумағындағы "Көне қамал" кешеніне 120 түп тал егілді.
Аталған бастама көктемнің жаңаруымен үндесіп, табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениетті дәріптеуді мақсат етті.
Жалпы, ағымдағы жылы қала көшелері мен шағын аудандарда 8 мың дана 1-ші санаттағы жабық тамырлы жапырақты және қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу көзделген.
Сондай-ақ шаһар аумағын көркейту мақсатында жалпы ауданы 10 500 шаршы метр гүлзарларға және 669 қазандыққа жаздық гүлдер отырғызу және «Ұлы Дала» шағын ауданы мен «Барысхан» алқабында 5 мың дана көпжылдық раушан гүлін егу жоспарланған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойы үздіксіз жалғасады.