Орталық алаңда орналасқан киіз үйдегі көрмелер көздің жауын алды

Орталық алаңда орналасқан киіз үйдегі көрмелер көздің жауын алды

Орталық алаңнан бастап Желтоқсан көшесіне дейін ұласқан мерекелік кеңістікте ақшаңқан киіз үйлер бой көтеріп, шаһарға ұлттық рух пен көктемнің көркін сыйлады.

Әрқайсысына өзіндік атау берілген киіз үйлердің ішіне қолөнер шеберлерінің көздің жауын алатын туындылары қойылып, ұлттық өнердің нәзік қырлары кеңінен дәріптелді.

Сондай-ақ ерекше назар аударатыны — заманауи технологиялармен үндескен жасанды интеллект жобалары

Бұл бастамалар дәстүр мен цифрландырудың үйлесім тапқанын айқын көрсетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік алаңды аралап, ұлттық құндылықтарды тамашалап, ерекше көңіл күйге бөленді.