
19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ
19 наурыз – Жаңару күні – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын білдіретін, адам санасы мен қоғам өмірінде серпіліс әкелетін ерекше мереке.
Тараз қаласы білім бөлімі және Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен аталған мерекеге орай №66 «Келешек» мектебінің ауласында «Жасыл болашақ» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Игі шараға 9-сыныптың 101 оқушысы және педагогикалық ұжым қатысып, мектеп аумағына жалпы саны 66 түп жеміс ағашын, 360 түп көктерек, 30 түп шырша көшеттерін отырғызды.