Уақытша жол жабылады

Уақытша жол жабылады

Абай даңғылындағы көпір құрылысының жалғасуына және негізгі жолдардың жабылуына байланысты алдын ала айналма жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, Привокзальный көшесі 7 «Б» мекенжайынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық, сондай-ақ Желтоқсан көшесінің Привокзальный көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі бөлігі және Балуан Шолақ көшесінің Привокзальный көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығы жол жөндеу жұмыстарына байланысты 18 наурыздан бастап 1 ай мерзімге жабылады.

Аталған көшелер бойынша қатынайтын қоғамдық көліктер Байзақ батыр көшесі арқылы қызмет көрсетеді.