Уақытша жол жабылады

Уақытша жол жабылады

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде өткізу мақсатында:

14-16 наурыз күндері Орталық алаңның қала әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы жақ беті жартылай;

16-18 наурыз күндері Абай даңғылынан (Орталық алаң) облыстық Кірістер департаментіне дейінгі аралық;

18-22 наурыз аралығында Төле би даңғылының бойындағы (Абай даңғылынан бастап Желтоқсан көшесіне дейін) жол толықтай жабылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала бағдарлап алуды ескертеміз!