Көктемгі абаттандыру және тал кесу жұмыстары жүргізілуде

Көктемгі абаттандыру және тал кесу жұмыстары жүргізілуде

Қала аумағында көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында көшелер мен аулаларда санитарлық тазалық қамтамасыз етіліп, ағаштарды күтіп-баптау мақсатында тал кесу жұмыстары атқарылуда.

Бұл шаралар қала аумағын көркейтіп, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.