Таразда қоғамдық көліктер қолма-қол төлем қабылдайды

Таразда қоғамдық көліктер қолма-қол төлем қабылдайды

Тараз қаласы әкімдігінің бекітілген қаулысына сәйкес, қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру тарифі төмендегідей болып белгіленген:

Электронды билеттендіру жүйесі арқылы:
– ересектерге – 100 теңге,
– 18 жасқа дейінгі азаматтарға – 50 теңге.

Қолма-қол төлем кезінде:
– ересектерге – 130 теңге,
– 18 жасқа дейінгі азаматтарға – 65 теңге.

Соңғы уақытта Instagram әлеуметтік желісінде қоғамдық көліктерде қолма-қол төлемді алып тастау туралы ақпарат таралуда. Алайда, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан мұндай шешім қарастырылмаған.

Осыған байланысты аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Қолма-қол төлем жүйесі тұрғындардың қолайлылығы үшін қарастырылған төлем түрлерінің бірі болып қала береді.

Сонымен қатар, жолаушылар қолма-қол төлем жасаған жағдайда жүргізушіден міндетті түрде чек талап етуі қажет.