Аяулы арулар - құрмет құшағында

Аяулы арулар - құрмет құшағында

 Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектерді қабылдап, арнайы құттықтады.

«Әйел – әлемнің шуағы» тақырыбында өткен кездесуде шаһар басшысы ізгі тілегін білдіріп, бірқатар нәзік жандыларға қала әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасын табыстады.

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай, еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тажиева және «Jambyl-Taraz» қалалық газетінің тілшісі Арайлым Шабденова мереке иелеріне жылы лебіздерін арнап, қыз-келіншектердің қоғам дамуына қосып отырған қомақты үлестеріне тоқталды.