
Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков бүгін тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар суару жүйесін жүргізу бойынша жер телімін нақтылау, көпқабатты тұрғын үй шатырына жөндеу жұмыстары, «Жиделі» шағын ауданындағы жолды асфальттау және қоғамдық көлік мәселесі, тұрғын үй кезегі мен жер кезегі жөнінде сауалдар қойды.
Сонымен қатар балалар ойын-сауық алаңынан орын алу, жеке дүңгіршектерді орналастыру туралы сұрақтар жолдады.
Нұрсұлтан Арқабайұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Кездесу қорытындысында сала мамандарына айтылған түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау жүктелді.