
Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан кәсіп бастау үшін көмек көрсету, қураған талдарды кесу, «Қарасу - 1» көшесіне асфальт төсеу, көшелерді жарықтандыру, ауладағы ойын алаңшасын абаттандыру, сондай-ақ жеке сипаттағы мәселелер көтерілді.
Нұрсұлтан Арқабайұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Кездесу қорытындысында жауапты тұлғаларға айтылған түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау жүктелді.