Қалалық мәслихаттың кезекті 38-сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезекті 38-сессиясы өтті

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті 38-сессиясы өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, аудан әкімдері, қалалық прокуратураның, қалалық ішкі істер, мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдері, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.

Ең әуелі мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Есепті кезеңде қалалық мәслихат өз қызметін заңдылық, жариялылық, ашықтық және халық мүддесін басшылыққа ала отырып жүзеге асырды. Қалалық мәслихаттың құрамы 31 депутаттан және 4 тұрақты комиссиядан құралған.

Мәслихат аппаратына жеке тұлғалардан 87, заңды тұлғалардан 18 өтініш қабылданып, олардың барлығына нақты жауаптар жолданды.Сондай-ақ әртүрлі мәселелерді қамтыған 498 хат келіп түсті. Келіп түскен хаттардың 179-ы назарға алынып, 319-на тиісті жауаптар берілді.

Келесі кезекте қалалық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева мен қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Сәлемов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының жағдайы туралы баяндама жасаса, қалалық мәслихаттың білім беру және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Эльмира Абдинова атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Сонымен қатар сессияда «Тараз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-4 шешіміне өзгерістер енгізу» мәселесі қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.