30 жыл – рухани шежіре, елдік үн!

30 жыл – рухани шежіре, елдік үн!

«Jambyl-Taraz» газетінің 30 жылдық мерейтойына орай  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Уақытпен үндескен сөз» атты салтанатты кеш өтті.

Шара барысында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құттықтау хатын табыстады. Бұдан кейін қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова шаһар басшысының  ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, «Шерхантану» орталығының директоры  Жасұлан Әбдіхалық, Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бекнұр Сатыбалдиев, «Знамя труда» газетінің бас редакторы Людмила Мельник сөз алып баспасөздің құндылығына тоқталды.

Осы ретте «30 жылдыққа – 30 іс-шара» аясында мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.