Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

Қала аумағында тазалық талаптарын сақтамаған тұрғындарға қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізу жалғасуда.

Нәтижесінде екі аудан бойынша барлығы 226 құқықбұзушылық дерегі анықталған.

Оның ішінде 172 тұрғынға ескерту жасалса, 40 жағдай бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Аталған шаралар қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілді.

Осы ретте тұрғындарды қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, аулалар мен көшелердің тазалығын сақтауға шақырамыз!