Қала көшелеріндегі қарды сыртқа кім шығарады? Шаһар тұрғынының сұрағына жауап

Қала көшелеріндегі қарды сыртқа кім шығарады?   Шаһар тұрғынының сұрағына жауап

Қалада коммуналдық қызмет жұмысшылары 3 күннен бері күні-түні тазалық жұмыстарын жүргізуде. Алдағы екі күн де қар шығару жұмыстары жалғасады.

Қала әкімдігі, аудан, бөлім және мекеме қызметкерлері де ортақ іске үлес қосып, тротуарларды, аялдамаларды қардан аршу жұмыстарына атсалысуда.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен нысан иелері де өз аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ирригациялық бригадасынан 13 қызметкер және төтенше жағдайлар департаментінің құтқару батальонынан тартылған 25 қызметкер су тасқыны тәуекелінің алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Алдағы атқарылатын шаралар мен шаһар ахуалы қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.

Жалпы облыс орталығына қалың қар түскелі бері, 500-ден аса жұмысшы маман, 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Бүгінгі күнге арнайы аумаққа 5000 текше метрдей қар шығарылды.