
Ел аумағындағы абаттандыру қағидаларына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын қар мен мұздан тазалауға қызмет көрсетуші ұйымдар (КСК, ОСИ, ПТ) жауапты.
Мұздақ немесе қар үйінділері анықталған жағдайда, тұрғындар өздерінің басқарушы компаниясына өтінім берулері қажет.
Егер қызмет көрсетуші ұйым бұл мәселені елеусіз қалдырса, учаскелік инспекторға жүгінуі қажет.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Басқару нысаны жоқ болса, үй тұрғындары өз үйлерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға міндетті.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сейкес, пәтер иелері ортақ мүлікті (шатырды, қасбетті және үй маңындағы жер учаскесін) күтіп ұстауға жауапты.