Қала аумағынан бүгінгі күнде 2500 м3-ге жуық қар шығарылды

Қала аумағынан бүгінгі күнде 2500 м3-ге жуық қар шығарылды

Таразда қар тазалау жұмыстары өз ретімен жалғасуда. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың үш күн бойы жауған қарды күреу және инерттік материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, 306 м3 құм, 126 тонна тұз пайдаланылды.

Қазіргі уақытта бұл жұмыстарды орындауға 486 жұмысшы және 67 арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі кезде мекеме қоймасында 3044 м3 құм және 566 тонна тұз қоры бар. Алдағы кезеңге қажетті инерттік материалдар жеткілікті.

Күнделікті жұмыс бағыты белгіленіп, оған сәйкес мекеме жұмысшылары 5 бригадаға бөлініп, қала аумағындағы ортақ пайдалану жерлердің, оның ішінде қоғамдық аялдамаларды, саябақтар мен скверлерді және жаяу жүгіншілер жолдарын қардан тазалап, арнайы техникалармен бекітілген жерлерге шығарады.

Қала аумағынан бүгінгі күнге 2500 м3-ге жуық қар шығарылды.