
Толассыз жауған қар қала тұрғындарын біраз әбігерге түсіруде. Коммуналдық сала жұмысшыларының тәулік бойы тазалап жатқанына қарамастан, табиғат құбылуы ырық берер емес.
Қолайсыз ауа райында қарап қалмай, бірқатар ұйым-мекеме қызметкерлері қолға күрек алды. Әкімдік бөлімдерінің мамандары да игі іске үлес қосып, қала аумағында қар тазалауға шықты.
Табиғат тосын мінез танытса да, табиғатынан мейірім мен қамқорлық жасауға бейім қайырымды қала тұрғындарынан қауіпсіздік талаптарын орындап, сабыр сақтауды сұраймыз.