Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

Құрметті қала тұрғындары!
Қала аумағына қалың қардың түсуіне байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.

Осыған орай, тұрғын үйлердің шатырларының астына және ағаштардың жанына автокөлік қоюға болмайды. Қалың қардың салдарынан ағаш бұтақтары сынып, шатырдан қар мен мұз құлап, көлікке және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Әр тұрғын өз өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне жауапты екенін еске саламыз.