Қала әкімі жаңа саябақ және «Төрткүл» керуен сарайының құрылысымен танысты

Қала әкімі жаңа саябақ және «Төрткүл» керуен сарайының құрылысымен танысты

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков ең алдымен Тәуке хан көшесі бойындағы саябақ салынатын аумаққа барды. Бүгінде аталған аумақта тазалау, құм төсеу және тегістеу жұмыстары жүруде.

Саябақ жоспарында 30 көлікке арналған автотұрақ, балаларға арналған ойын алаңшалары мен спорт алаңдары және демалыс орындары қарастырылған.

Сонымен қатар, қала әкімі тарихи нысандарды қалпына келтіру және туристік орындарды жаңғырту аясында атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты.

Соның бірі – Ы. Сүлейменов көшесінде орналасқан «Төрткүл» керуен сарайын қалпына келтіру. Аталған нысан орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы аялдаған ірі сауда орталықтарының бірі болған.

Бүгінде «Төрткүл» керуен сарайын жаңғырту бойынша негізгі жоспар әзірленіп, алғашқы жұмыстар басталып кеткен.

Аралау барысында Бақытжан Әмірбекұлы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапалы әрі межеленген мерзімде орындалуын міндеттеді.