Қоғамдық көлік: жол ақысы және төлем

Қоғамдық көлік: жол ақысы және төлем

Құрметті қала тұрғындары!

Тараз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы №480 қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте келесі тарифтер белгіленді:
Ересек жолаушылар үшін қолма-қол ақшасыз төлем үшін жол жүру ақысы 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлем үшін 130 теңге.

18 жасқа толмағандар үшін қолма-қол ақшасыз төлем үшін жол жүру ақысы 50 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлем үшін 65 теңге.

Қоғамдық көлікте ресми төлем әдістері:
- электрондық билетті картада сақтайтын көлік карталары;
- TulparCard, Kaspi Bank және Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы QR код арқылы төлем жасау, электрондық билет смартфон қосымшасында бірден көрсетіледі;
- 4444 нөміріне SMS арқылы төлем жасау, билет телефонның хабарлама бөліміне SMS ретінде жіберіледі;
- жүргізушінің мобильді терминалынан жол жүру ақысы көрсетілген қағаз билетті міндетті түрде алу арқылы қолма-қол ақшамен төлем жасау (130 немесе 65 теңге).