Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков кезекті рет тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй, жұмысқа орналастыру, ауыз су жүргізу, «Қарасу» шағынауданындағы №7 үйді жөндеуден өткізу, «Шаңырақ» алабына жарық жүйесін қосу бойынша сауалдарын қойды.

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан қураған талдарды кесу, қараусыз қалған нысанды сүру, жаяу жүргіншілер өткелі мен бағдаршам орнату, сондай-ақ өзге де тұрмыстық жеке сипаттағы мәселелер көтерілді.

Бақытжан Әмірбекұлы азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.

Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.