Шаһар басшысы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты

Шаһар басшысы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 37-сессиясына қатысты.

Жиын барысында әуелі қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар сессияда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы №3-10 шешіміне және «Тараз қаласының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.